Әдеп кодексінің басты міндеті – халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән берілуде. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге, қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуі керек.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына баға беретін – халық. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармай, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін қамтамасыз етуге, іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауға, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеу керектігін назардан шығармауы тиіс.
Сондықтан, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.
Мұнайлы аудандық қазынашылық
басқарма басшысының орынбасары
Г.Кушерова